Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Балауса Мұздыман АҚШ-тағы жаттығудан кейін мәлімдеме жасады

Бүгін, 12:35

Боксшы басты мақсаты абсолютті әлем чемпионы атану екенін ашық айтты

Балауса Мұздыман АҚШ-тағы жаттығудан кейін мәлімдеме жасады
instagram.com/muzdi___

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынын аяқтап, өзіне үлкен мақсат қойғанын айтты.

Оның сөзінше, бұл жиын өте пайдалы өткен. Спортшы әр жаттығудан тәжірибе жинап, бабын арттырғанын жеткізді.

«Өте нәтижелі жұмыс болды. Әр қадам сайын мақсаттарыма жақындап келемін. Өзіме сенемін», - деді ол.

Балауса басты мақсаты абсолютті әлем чемпионы атану екенін ашық айтты. 

«Мен абсолютті чемпион болуды көздеймін. Бұл жол енді басталды», - деді боксшы.

Сондай-ақ боксшы командасына, жаттықтырушылары мен спарринг-серіктестеріне алғыс білдірді. АҚШ-та өткен жиындар барысында ол тәжірибесін шыңдап, бірнеше спарринг өткізген.

Айта кетейік, Балауса Мұздыман бұл дайындықта Жанқош Тұраровпен бірге жаттығып, бапкер Сағатбек Мұсахановтың жетекшілігімен жұмыс істеді. Жиындар Top Rank залында өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам