Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Румынияда Қазақстан боксшысы өзбек қарсыласынан ойсырай жеңілді

17.02.2024, 00:17

Төрешілердің бәрі жеңісті өзбек боксшысына берген

Румынияда Қазақстан боксшысы өзбек қарсыласынан ойсырай жеңілді
sports.kz

Румынияның Плоешти қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Dracula Open-2024 турнирінде қазақстандық Денис Кучер өзбек боксшысы Шамсиддин Турсуновтан жеңіліп қалды деп жазады Sports.kz.

Қос боксшы 71 келіде жартылай финалда жолықты. Үш раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде өзбек боксшысы 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жарыс финалына шықты.

Енді Турсунов турнирдің алтыны үшін таласса, Кучер елге құола медальмен қайтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 18
Күлкілі 0
Ашулану 21
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам