Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Саматәлі Төлтаев кәсіпқой бокстағы дебютінде жеңіске жетті

19.02.2024, 09:04

Ол 2026 жылға дейін әуесқой бокстан шеттетілген

Саматәлі Төлтаев кәсіпқой бокстағы дебютінде жеңіске жетті
Қазақстан бокс федерациясы

Саматәлі Төлтаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Түркияның Стамбұлында өткен бокс кешінде ол жергілікті Рефик Тарханмен (3-3, 1 KO) кездескен болатын.

Еске салайық, Саматәлі допинг пайдаланғаны үшін әуесқой бокстан 2023 жылы қуылып, биыл кәсәпқой боксқа аяқ басты.

Ал, оның түрік боксшысымен өткізген жекпе-жегі төрт раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасты. Төрешілер шешімімен қазақ боксшысы жеңіске жетті.

Саматәлі Төлтаев 2023 жылы жазда допинг қолданғаны үшін әуесқой бокстан шеттетілді. Оған дейін ол ұлттық құраманың мүшесі еді. 2022 жылы Азия чемеионы болған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам