ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Бокстан әлем чемпионы басшылық қызметке тағайындалды

Дина Жоламан спорт мектебінің директоры атанды

instagram.com/sport_akmola
instagram.com/sport_akmola

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Дина Жоламан жаңа қызметке тағайындалып, спорттағы жолын басқарушылық деңгейде жалғастырды.

54 келіге дейінгі салмақта ел намысын абыроймен қорғаған ол 2016 жылы әлем чемпионы атанып, 2022 жылғы әлем біріншілігінде қола медаль иеленді. Ұзақ уақыт бойы ұлттық құраманың негізгі көшбасшыларының бірі болды.

Дегенмен Олимпиада жүлдесі бұйырмады. Себебі оның салмақ дәрежесі тек 2024 жылы ғана олимпиадалық бағдарламаға енгізілді. Сол сәтте жасы да, жарақаттардың салдары да іріктеуден өтуге кедергі келтірді.

Спорттық мансабын аяқтаған соң Дина Жоламан туған жеріне оралып, Ақмола облысы Жақсы ауданындағы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін тізгіндеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам