Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Рингке шықпағанына үш жыл болған Головкиннің атағы әлі дүркіреп тұр

Бүгін, 09:50

Геннадий Головкин әлемге танымал он боксшының қатарына енді

Рингке шықпағанына үш жыл болған Головкиннің атағы әлі дүркіреп тұр
әлеуметтік желі

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кәсіпқой рингтен алыстағанына қарамастан, әлемдегі ең танымал боксшылардың қатарынан түскен жоқ. Бұл туралы BoxRec порталының статистикасында көрсетілді.

Аталған сайттағы жазылушылар саны бойынша Геннадий Головкин әлемнің ең танымал он боксшысының қатарына енді. Қазіргі таңда қазақстандық былғары қолғап шеберінің парақшасына 4157 адам жазылған. Осы көрсеткіш арқылы GGG рейтингте оныншы орынға жайғасты.

Тізімнің көшін украиналық Александр Усик бастап тұр. Оның BoxRec-тегі оқырманы 12 мыңнан асады. Ал үздік үштікте мексикалық Сауль Альварес бен ресейлік Дмитрий Бивол та бар.

Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылы өткізіп, Сауль Альвареспен болған трилогияда төрешілер шешімімен жеңілген еді. Содан бері шаршы алаңға шықпағанымен, қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабын аяқтағанын ресми түрде жариялаған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам