Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Тайсон Фьюри мен Златан Ибрагимович жекпе-жек өткізеді

22.05.2026, 12:25

Фьюри мен Ибрагимович көз арбасу сәтіндегі суреттерін жариялады

Тайсон Фьюри мен Златан Ибрагимович жекпе-жек өткізеді
instagram.com/zlatan

Бокс әлемінің жұлдызы Тайсон Фьюри мен футбол аңызы Златан Ибрагимович жанкүйерлерді күтпеген жаңалықпен елең еткізді. Екі танымал спортшы әлеуметтік желіде бірлескен жазба жариялап, алдағы жекпе-жекті меңзеді.

Желіде тараған суреттерде Фьюри мен Ибрагимович көз арбасу сәтінде бір-біріне қарап тұрғаны бейнеленген. Жазба астында: «Шұғыл жаңалық! 1 тамыз. Дублин, Ирландия. Боксты қайтадан ұлы етейік» деген сөздер жарияланды. Қазіргі таңда кездесудің нақты форматы ресми түрде хабарланған жоқ. 

Тайсон Фьюри жақында ғана спорттық мансабын қайта жалғастырып, Арсланбек Махмудовты төрешілер шешімімен жеңген болатын. Британдық боксшының кәсіби рекордында 35 жеңіс бар, оның 24-і нокаутпен аяқталған.

Ал Златан Ибрагимович футболдағы мансабын 2023 жылы аяқтады. Швециялық шабуылшы әлем футболындағы ең харизмалы әрі ерекше тұлғалардың бірі ретінде танылды. Ол карьерасында «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «ПСЖ», «Манчестер Юнайтед» және «Милан» секілді алпауыт клубтардың намысын қорғады.

Сондай-ақ жуырда Ибрагимович UEFA тарапынан футболдағы жарқын мансабы үшін арнайы марапатқа ие болған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам