Геннадий Головкин Александр Усиктің жекпе-жегі үшін Мысырға арнайы барды

Telegram WhatsApp

Усикке тиесілі WBC, WBA белбеулері сарапқа салынады

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті әрі World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин Мысырдың Гиза қаласында өтіп жатқан ірі бокс кешіне арнайы барды.

DAZN стриминг платформасы жариялаған видеода қазақстандық аңыздың кеш өтетін аренаға келген сәті көрсетілген. Головкинді бұл сапарда туған інісі Максим Головкин бірге алып жүр.

«Головкин келді. Қазір Гиза аңыздарға толы»

деп жазды DAZN әлеуметтік желідегі парақшасында

Айта кетейік, бүгін түнде Гизада аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усик пен нидерландтық кикбоксинг жұлдызы Рико Верхувен арасында жекпе-жек өтеді. Кездесу бокс ережесі бойынша ұйымдастырылып, тарихи кеш Мысыр пирамидаларының маңында арнайы орнатылған рингте өтпек.

Жекпе-жекте Усикке тиесілі WBC, WBA және The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.

Кеш Сауд Арабиясының ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки әл аш-Шейхтің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Ал Рико Верхувен бұған дейін Питер Фьюридің залында жаттығып, Тайсон Фьюридің спарринг-серіктесі болғаны белгілі.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 950 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 124 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 502 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 126 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 394 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›