WBA белбеуі үшін айқаста өзбек боксшысы сенсациялық түрде жеңілді
Өзбекстандық боксшы Шахрам Ғиясов кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ол Мысырдың Гиза қаласындағы пирамидалар маңында өткен бокс кешінде британдық Джек Кэттероллға есе жіберді.
Жартылай орта салмақта (66,7 келіге дейін) өткен жекпе-жек толық 12 раундқа созылды. Кездесудің алғашқы бөлігінде Ғиясов нокдаунға түскенімен, айқасты жалғастыра алды. Алайда төрешілер жеңісті бірауыздан Кэттероллға берді – 118:109, 119:108, 116:111.
Осылайша, 32 жастағы ағылшын боксшысы жартылай орта салмақтағы WBA Regular белбеуін иеленіп, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Қазіргі таңда Кэттероллдың еншісінде 33 жеңіс (14 нокаут) және екі жеңіліс бар.
Ал Шахрам Ғиясов кәсіби рингтегі алғашқы жеңілісін тіркеді. Бұған дейін 32 жастағы өзбекстандық боксшы 17 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, оның онын мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Сонымен қатар ол әуесқой бокста 2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған.