Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

«Өзбектерден үлгі алуымыз керек»: танымал бапкер отандық бокс туралы айтты

21.02.2024, 10:03

Ол көрші елдің боксы қарыштап дамып бара жатқанын мысалға келтірді

«Өзбектерден үлгі алуымыз керек»: танымал бапкер отандық бокс туралы айтты
Жас Қазақ

Бокстан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Жұмабек Өмірзақов Өзбекстаннан Қазақстанға қоныс аударған қандас Аман Қонысбеков туралы пікірін айтты.

Есте болса, осыдан бірер күн бұрын бокстан Өзбекстан чемпионатының жүлдегері болған этникалық қазақ А.Қонысбековтің тарихи отанынан қоныс аударғаны туралы айтылған еді.

«Иә, ол көшіп келді, бірақ оған ешкім ұлттық құрамадан орын дайындап қойған жоқ. Ол өзінің мықтылығын рингте дәлелдеуі керек, өз салмағында біздің боксшыларды жеңуі керек. Ал, оның қолынан келе ме, бұл әлі жауабы жоқ сұрақ. 

Бұл ретте Бақыт Сәрсекбаевты мысалға келтіруге болады. Оған Қазақстанға көшіп келуі сәтімен болды. Ол Азия чемпионатын, Азия ойындарын, Олимпиада ойындарын жеңіп алды. Бақыттың Қазақстанға алғаш келген уақыты есімде, оған өте ауыр болды. Бірақ, ол ерік-жігерін жинап, өзінің мықты екенін жұдырығымен дәлелдеп шықты. Ал, Аман Қонысбековтің қолынан бұл ерлік келе ме, оны уақыт көрсетеді», - деді бокс бапкері Қазақпаратқа берген сұхбатында.

Оның айтуынша, соңғы жылдары өзбек боксы қарыштап дамып кеткен.

«Көрші елде бокстың дамуына ерекше мән береді. Олар өз отаны және спорт үшін аянып жатқан жоқ. Бұл ретте бізге Өзбекстаннан үлгі алу керек», - деп сөзін түйді Жұмабек Өмірзақов.

Айта кетейік, Ж.Өмірзақов қыздар боксынан әлем чемпионы Назым Қызайбайдың алғашқы жаттықтырушысы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам