Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Виктория Графеева өзбек боксшысынан жеңісті жұлып алды

Бүгін, 11:37

Бұған дейін Назым Қызайбай да ақтық сынға жолдама алған болатын

Виктория Графеева өзбек боксшысынан жеңісті жұлып алды
Қазақстан бокс федерациясы

World Boxing аясында өтіп жатқан Әлем кубогінің екінші кезеңінде қазақстандық боксшы Виктория Графеева 60 келіде финалға жолдама алды.

Қытайдың Гуянь қаласында өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында отандасымыз өзбек боксшысы Ситора Турдибековамен шаршы алаңға шыққан болатын. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Графееваға берді.

Осылайша өзбек қызы жарыстың қола жүлдегері атанса, Виктория Графеева ертең алтын жүлде үшін таласады.

Еске салайық, бұған дейін Назым Қызайбай (54кг) таи қызы Натнича Чонгпронгклангты жеңіп, финалға жолдама алды. Бұл оның Әлем кубогіндегі үшінші жекпе-жегі еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам