Иордан боксшысы бұған дейін Асланбек Шымбергенов пен Төрехан Сабырханды жеңген
Қытайдың Гуянь қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогінің жартылай финалында қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов (70кг) иорданиялық Зияд Ишаишты жеңіп, ақтық кезеңге жолдама алды.
Төреші жекпе-жекті екінші раундтың ортасында тоқтатты. Иорданиялық боксшының қабағы жыртылып кеткеннен кейін дәрігер оның жұдырықтасуына тыйым салған. Дәл сол сәтке дейін Абылайхан есепте алда тұрғандықтан жеңіс оған берілді.
Еске салайық, 2024 жылы Париж Олимпиадасында Ишаиш Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновті жеңіп қойған болатын. Ал, биыл Азия чемпионатының финалында ол Төрехан Сабырханнан басым түсті.