Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Әлем кубогі: Виктория Графеева қоржынға екінші алтын медальді салды

Бүгін, 10:15

Бүгінгі финалда Назым Қызайбай да (54 кг) алтын медаль жеңіп алды

Әлем кубогі: Виктория Графеева қоржынға екінші алтын медальді салды
Қазақстан бокс федерациясы

Қытайдың Гуянь қаласында өтіп жатқан бокстан World Boxing сериясындағы Әлем кубогінде Қазақстан қоржынына екінші алтын жүлде түсті. 60 келіде өнер көрсеткен отандасымыз ақтық сында Тайвань өкілі Линь Юйтинмен жұдырықтасқан болатын.

Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіс Графееваға берілді, есеп – 3:2. Қос боксшы өзара алғаш рет кездесіп отыр.

Виктория Графеева Әлем кубогі кезеңдерінде үшінші рет чемпион атанып отыр. Былтыр ол Астанада жеңімпаз атанса, биыл ақпанда Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында жеңіс тұғырына көтерілді.

Еске салайық, бүгінгі финалда Назым Қызайбай да (54 кг) алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, ерлер құрамасынан Санжар Тәшкенбай, Абылайхан Жүсіпов және Айбек Оралбайдың жекпе-жегі күтілуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам