Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Абылайхан Жүсіпов үнді боксшысын ойсырата жеңіп, Әлем кубогінің чемпионы атанды

Бүгін, 11:06

Осылайша, Әлем кубогінде Қазақстан қоржынында үш алтын медаль болды

Абылайхан Жүсіпов үнді боксшысын ойсырата жеңіп, Әлем кубогінің чемпионы атанды
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов Гуяньда (Қытай) өтіп жатқан Әлем кубогінің финалында 70 кг салмақ дәрежесінде үнді боксшысы Дипакпен жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Отандасымыз үш раунд бойы қарсыласынан басым болды. Рингте сауатты қимылдап, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде төрешілер 5:0 есебін тіркеп, жеңісті бірауыздан Абылайханға ұстатты.

Айта кетейік, Жүсіпов финалға дейін үш жекпе-жек өткізіп, бәрінде қиындықсыз жеңіске жетті. Жартылай финалда қазақ жанкүйерлеріне танымал иорданиялық Зейад Ишаишты тізе бүктірді. Ол бұған дейінгі жарыстарда Асланбек Шымбергенов пен Төрехан Сабырханды жеңіп кеткен болатын.

Осылайша, Әлем кубогінде Қазақстан қоржынында үш алтын медаль болды. Бұған дейін қыздар боксында Назым Қызайбай мен Виктория Графеева жеңіс тұғыранан көрінген болатын. Түстен кейін рингке Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам