Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысын жеңіп, Әлем кубогінде топ жарды

Бүгін, 16:08

Финалға шыққан қазақстандық бес боксшының төртеуі чемпион атанды

Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысын жеңіп, Әлем кубогінде топ жарды
Қазақстан бокс федерациясы

Әлем кубогінде 50 келіде өнер көрсеткен қазақстандық Санжар Тәшкенбай финалда өзбектің танымал боксшысы Асылбек Жалиловты жеңді.

Қытайдың Гуянь қаласында өтіп жатқан World Boxing сериясындағы Әлем кубогінің кезекті кезеңі қазақ боксшылары үшін сәтті өтіп жатыр. Финалға шыққан бес боксшының төртеуі чемпион атанып үлгерді. Бесіншісі – Айбек Оралбай ақтық жекпе-жегін енді өткізеді.

Санжар Тәшкенбай үшін финалдық айқас оңай болған жоқ. Десе де, ол қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсетіп, төрешілер 3:2 есебін тіркеді.

Бұған дейін отандасымыз Қырғызстан және Сальвадор боксшыларын айқын жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам