Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Дулат Бекбауов Алматыда бұрынғы WBA чемпионымен жұдырықтасады

Бүгін, 20:26

Бекбауов соңғы рет наурызда өзбекстандық Абдурасул Исмоиловты мерзімінен бұрын жеңген

Дулат Бекбауов Алматыда бұрынғы WBA чемпионымен жұдырықтасады
instagram.com/akhmedov_promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дулат Бекбауовтың келесі қарсыласы белгілі болды. Akhmedov Promotions промоутерлік компаниясы қазақстандық былғары қолғап шеберінің келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады.

Бекбауов (3-0, 3 KO) 25 шілде күні Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Беларусь өкілі Евгений Даугалявецпен (8-1, 8 KO) қолғап түйістіреді.

35 жастағы Даугалявец – WBA Inter-Continental белбеуінің бұрынғы иегері әрі әуесқой бокстан әлем чемпионатына қатысқан тәжірибелі спортшы. Былтыр қыркүйекте өткен соңғы жекпе-жегінде ол ресейлік Иван Козловскийге төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен есе жіберіп, кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Ал Дулат Бекбауов соңғы рет биыл наурыз айында шаршы алаңға көтеріліп, өзбекстандық Абдурасул Исмоиловты мерзімінен бұрын жеңген болатын. Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі барлық үш кездесуін нокаутпен аяқтап, жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам