Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақ боксшысы жастар арасындағы Азия чемпионатын айқын жеңіспен бастады

Бүгін, 14:57

Асылхан Көшербай Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Қазақ боксшысы жастар арасындағы Азия чемпионатын айқын жеңіспен бастады
Қазақстан бокс федерациясы

Джакартада (Индонезия) 23 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионаты басталды. Қазақстандық Асылхан Көшербай жарысты сәтті бастап, Бутан спортшысын жеңді.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалдық кездесуде Көшербайдың қарсыласы Бутаннан келген Дечен Дорджи болды. Жекпе-жек қорытындысында қазақстандық боксшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) сенімді жеңіске жетті.

Осылайша, Дечен Дорджи жарысты аяқтады, ал Асылхан Көшербай Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Еске салсақ, 2026 жылғы бокстан Азия чемпионаты Индонезияның Джакарта қаласында 3–16 шілде аралығында 19 жасқа дейінгі (U-19) және 23 жасқа дейінгі (U-23) спортшылар арасында өтуде. Құрлықтық біріншілікке өңірдің ең үздік жастар құрамалары қатысуда. Қазақстан бұл додаға 39 боксшыдан құралған делегациямен қатысып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам