Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Біз татуластық». Боксшы Теміртас Жүсіпов пен жұбайы ел алдына шықты

Бүгін, 01:04

Айжан Жүсіпова күйеуіне қатысты арызын қайтарып алған

«Біз татуластық». Боксшы Теміртас Жүсіпов пен жұбайы ел алдына шықты
Видеодан кадр

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов пен оның жұбайы Айжан Жүсіпова отбасылық жанжалдан кейін алғаш рет бірге видеоүндеу жасап, қоғамға мәлімдеме жасады.

Теміртас Жүсіповтің айтуынша, ерлі-зайыптылар болған жағдайды жан-жақты талқылап, өзара қорытынды шығарған және отбасын сақтап қалу туралы ортақ шешімге келген.

«Иә, арамызда жанжал болды. Екеуміз де қорытынды жасап, ашық сөйлестік. Ортақ шешім қабылдап, отбасымызды сақтап қаламыз деп келістік. Осы шешімімізге құрметпен қарауларыңызды сұраймыз», – деді боксшы.

Өз кезегінде Айжан Жүсіпова күйеуіне қатысты арызын қайтарып алу туралы шешімді ешқандай қысымсыз, өз еркімен қабылдағанын айтты.

«Арызымды қайтарып алып, қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш беру туралы шешімді өз еркіммен қабылдадым. Маған ешқандай қысым жасалған жоқ», – деді ол.

Жүсіповтер қоғам өкілдерін өздерінің жеке өміріне құрметпен қарап, отбасын мазаламауға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Айжан Жүсіпованың әпкесі қоғамнан қолдау сұрап, әлем және Азия чемпионы Теміртас Жүсіпов жұбайын өз пәтерінде соққыға жыққанын мәлімдеген болатын. Ол әйелдің ауыр жарақат алғанын, соның ішінде миына ісік түскенін айтқанымен, бұл мәліметті дәрігерлер растаған жоқ.

Кейін аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Артынша Айжан Жүсіпова күйеуіне қатысты шара қолданбауды сұрап, қарсы өтініш жазған. Соған қарамастан полиция тергеу амалдарының жалғасып жатқанын хабарлады.

Ал дене шынықтыру және спорт басқармасы Теміртас Жүсіповтің спорттық мансабын аяқтағанын және қазіргі таңда ешқандай жарысқа қатыспайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам