Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстанның екі боксшысы Азия чемпионатының финалына шықты

Бүгін, 12:05

Оның бірі – Гүлназ Бөрібаева, екіншісі – Анита Адишева

Қазақстанның екі боксшысы Азия чемпионатының финалына шықты
Қазақстан бокс федерациясы

Джакартада өтіп жатқан 19 және 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында Гүлназ Бөрібаева (48 кг) мен Анита Адишева (51 кг) алғашқы болып финалға жолдама алды.

Дәл қазір U23 санатындағы боксшылардың жартылай финалдық кездесулері өтіп жатыр. Гүлназ Бөрібаева жапон қызы Ю Миатамен рингке шығып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті, есеп – 4:1.

Ал, 51 келіде өнер көрсеткен Анита Адишева Тайпей өкілі И-Хуан Гуомен өзара мықтыны анықтады.

Алғашқы раундты қарсылас өз еншісіне жазғанымен, 2-раундта жекпе-жек түпкілікті өзгеріп кетті. Тайпей боксшысының көзінен алған жарақатынан кейін, Анитаның шабуылдағы нәтижелілігі артып, айқасты өз жағына бұрды. Есеп – 4:1.

Еске салайық, Индонезия астанасында құрлық чемпионаты 3 шілдеде басталды және 16 шілдеде мәресіне жетеді. Қазақстан Джакартаға ерлер және қыздар командаларын қоса санағанда 39 боксшы алып барды. Олардың 30-ы жартылай финалға жолдама алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам