Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Азия чемпионаты: боксшы Ұлжан Сәрсенбек финалға жолдама алды

Бүгін, 13:21

60 келіде өнер көрсеткен Аяжан Ермек өзбекстандық Муштарибону Иброхимжоннан жеңілді

Азия чемпионаты: боксшы Ұлжан Сәрсенбек финалға жолдама алды
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) те шықты. Бұған дейін ұлттық құраманың тағы екі қызы ақтық сынға жолдама алған болатын.

Жартылай финалда Ұлжан Вьетнамнан келген Зи Зом Вумен жұдырықтасты. Отандасымыз әр раундта басым түскенімен, жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Қорытынды есеп – 3:2.

Ал, 60 келіде өнер көрсеткен Аяжан Ермек өзбекстандық Муштарибону Иброхимжоннан жеңілді. Осылайша Аяжан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанса, өзбек қызы финалда жарыстың алтын медалі үшін жұдырықтасады.

Бұған дейін Гүлназ Бөрібаева (48 кг) мен Анита Адишева (51 кг) жартылай финалдық жекпе-жектерінде жеңіске жетіп, ақтық сынға жолдама алған болатын.

Еске салайық, Джакартада U19 және U23 жас санатындағы боксшылардың Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан бұл додаға 39 боксшысын алып келді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам