Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Руслан Мырсатаев 5 жылдық үзілістен кейін рингке оралатын болды

26.02.2024, 13:23

Оның қарсыласы – Түркия боксшысы Хамза Гюнеш

Руслан Мырсатаев 5 жылдық үзілістен кейін рингке оралатын болды
inboxing.kz

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Руслан Мырсатаев (7-0, 6 КО) бес жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралатын болды

Жекпе-жек 1 наруызда Алматыда өтеді. Русланның қарсыласы – Түркия боксшысы Хамза Гюнеш (6-1, 4 КО). 10 раундқа жоспарланған кездесу бокс кешінің хедлайнері болмақ.

Айта кетейік, Мырсатаев соңғы рет 2019 жылы рингке шыққан болатын. Ол кезде жерлесіміз беларусь боксшысы Юрий Быховцевті (10-23-7, 5 КО) жеңген.

Хамза Гюнеш те үш жылдай жекпе-жек өткізбеген. Соңғы рет ол 2021 жылы Алматыда Еділ Қожамбердиевтен жеңілген болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам