ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Хасанбой Дусматовпен кәсіпқой бокста кездесуге де дайынмын – Сәкен Бибосынов

Бүгін, 11:39

Қос боксшы өзара төрт рет кездесіп, соның үшеуінде өзбектің жолы болған

Хасанбой Дусматовпен кәсіпқой бокста кездесуге де дайынмын – Сәкен Бибосынов
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингте Өзбекстанның даңқты боксшысы Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол «Azamat Sport» Youtube-каналына берген сұхбат сұхбатында айтқан.

Сәкен мен Хасанбой әуесқой бокста өзара бірнеше рет кездескен. Соңғы рет Париж Олимпиадасында жолдары түйісіп, төрешілер шешімімен жеңіс өзбек боксшысына берілген еді.

«Біздің жекпе-жекті тек Қазақстан мен Өзбекстанда емес, бүкіл әлемде күтті, қызыға қарады. Мықты кездесулер өткіздік. Жеңісті қай тарапқа берсе де жарасатын жекпе-жектеріміз болды. Енді кәсіпқой бокста жұдырықтассақ та жақсы болады, менің еш қарсылығым жоқ. Хасанбойдың қалай қабылдайтынын білмеймін», - деді Сәкен Бибосынов.

Айта кету керек, қос боксшы да жапониялық Saikou Lush Boxing Promotions промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді. Екеуінің салмақ дірежесі екі түрлі.

Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокста жекпе-жектер өткізіп жүргенімен, әуесқой бокстан да біржола кеткен жоқ. Ол қазір ұлттық құрамаға шақырту алған. Қыркүйекте Жапонияда өтетін Азия ойындарына баруға кандидаттардың бірі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам