Кездесу 2026 жылдың қараша айында өтеді
Үш салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған украиналық Василий Ломаченко екінші жеңіл салмақтағы WBO рейтингінің бірінші нөмірі Чарли Суареспен жекпе-жек өткізеді.
Инсайдер Макс Диденконың мәліметінше, кездесу 2026 жылдың қараша айында өтеді. Жекпе-жектің нақты күні мен өтетін орны әзірге хабарланған жоқ.
Бұл айқаста жеңіске жеткен боксшы WBO және IBF нұсқалары бойынша екінші жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Эмануэль Навареттемен кездесуге мүмкіндік алуы мүмкін.
Суарес соңғы жекпе-жегін 2026 жылғы шілдеде өткізіп, Мануэль Авиланы бірінші раундта нокаутпен жеңді. Филиппиндік боксшының кәсіпқой рекорды – 19 жеңіс, 11 нокаут және бірде-бір жеңіліс жоқ.
Ал Ломаченко соңғы рет 2024 жылғы мамырда Джордж Камбососпен жұдырықтасып, 11-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Украиналық боксшының есебінде 18 жеңіс (12 нокаут) және 3 жеңіліс бар.