ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Геннадий Головкинге Украинада айып тағылды

Бүгін, 10:40

Геннадий Головкин Украина қауіпсіздігіне қауіп төндіретін тұлғалар тізіміне енгізілді

Геннадий Головкинге Украинада айып тағылды
World Boxing

Қазақстандық боксшы, World Boxing президенті және Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин украиналық «Миротворец» сайтының деректер базасына енгізілді. Бұл туралы бірнеше ақпарат құралы хабарлады.

Головкиннің аты-жөні аталған базаға 15 тамызда енгізілген. Ресурста оған Ресей спортшыларына қатысты халықаралық шектеулердің алынуына байланысты айып тағылған.

Геннадий Головкин в базе сайта "Миротворец"

Бұған дейін World Boxing ресейлік боксшыларға қатысты шектеулерді алып, олардың халықаралық жарыстарда өз елінің туы мен әнұранымен өнер көрсетуіне мүмкіндік берген еді. Бұл шешім Головкин басқаратын ұйымның Ресей спортшыларына қатысты ұстанымын өзгерткенін көрсетті.

Геннадий Головкин 2025 жылдың қарашасында World Boxing президенті болып сайланған. Ал 2024 жылдан бері Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетін басқарып келеді.

Головкин кәсіби бокста орта салмақта әлемнің бірнеше нұсқасы бойынша чемпион атанып, мансабын 42 жеңіс, бір жеңіліс және екі тең нәтижемен аяқтаған. 2026 жылы ол Халықаралық бокс даңқ залына енгізілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам