ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Ол жерде қазақтар көп»: Әлімханұлы Ширазбен жекпе-жекті қайда өткізгісі келетінін айтты

WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлын Хамза Шираздың титулына міндетті үміткер ретінде бекіткен

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO ұйымының ортадан жоғары салмақтағы әлем чемпионы Хамза Ширазға қарсы міндетті жекпе-жегін Нью-Йоркте өткізуді қалайды.

Қазақстандық боксшының айтуынша, жекпе-жекті Нью-Йоркте өткізуге себептің бірі – қалада қазақ жанкүйерлерінің көп болуы. Әлімханұлы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Top Rank Хамзамен жекпе-жегімізді ұйымдастырып, оны Нью-Йоркте өткізеді деп үміттенемін. Себебі ол жерде қазақтар көп! Арена толығымен менің жанкүйерлеріме толады», — деп жазды Әлімханұлы.

Бұған дейін WBO ұйымы Жәнібек Әлімханұлын Хамза Шираздың титулына міндетті үміткер ретінде бекіткен. Енді қос боксшының командалары жекпе-жек шарттарын келісу үшін 20 күн уақыт алды. Егер осы мерзімде ортақ келісімге келе алмаса, жекпе-жекті өткізу құқығы үшін арнайы сауда ұйымдастырылады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам