Жәнібектен қашқан Карлос Адамес Мейірім Нұрсұлтановпен кездеседі

Инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметінше, тараптарға келіссөздерді бастау тапсырылған

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамеске титулын Қазақстан боксшысы Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жекте қорғауды міндеттеді.

Инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметінше, тараптарға келіссөздерді бастау тапсырылған. Егер боксшылардың промоутерлері жекпе-жек өткізу жөнінде ортақ келісімге келе алмаса, 20 қазанда айқасты ұйымдастыру құқығы үшін промоутерлік сауда өтеді.

Бұл жекпе-жектің жеңімпазы кейін WBC нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы атанған америкалық Хесус Рамоспен кездесуі тиіс.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов дәл Рамоспен 19 қыркүйекте АҚШ-та жұдырықтасуы керек болған. Алайда америкалық боксшы салмақ қуу кезінде денсаулығына байланысты қиындыққа тап болып, тағамнан уланған деген күдікпен ауруханаға жеткізілген. Соның салдарынан жекпе-жек өтпей қалды.

Мейірім Нұрсұлтанов 2023 жылдан бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Соған қарамастан ол WBC нұсқасы бойынша міндетті үміткер мәртебесін сақтап қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам