Ол Қатар былғары қолғап шебері Мұхаммед Дбичимен жұдырықтасты
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан кезекті жарыс күні өтіп жатыр.
Әлем чемпионы Төрехан Сабырхан (-70 кг) Азиададағы алғашқы жекпе-жегінде Қатар былғары қолғап шебері Мұхаммед Дбичимен жұдырықтасты. Отандасымыз айқастың басынан тізгінді уысынан шығармай, сенімді жеңіске жетті. Есеп: 5-0.
Төреханның ширек финалдағы қарсыласы енді анықталады.