Төрехан Сабырхан қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңіп, жартылай финалға шықты

Финалдық жолдаманы ол өзбек боксшысымен сарапқа салады

Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан бокс федерациясы

Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына шықты. Ширек финалда ол Ирак боксшысымен кездесіп, небәрі бір минут ішінде нокаутпен жеңіске жетті.

70 келіде өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан мен оның қарсыласы Әли ас-Сараи рингте небәрі 1 минут 2 секунд өткізді. Қазақ боксшысының бүйірден ұрған ауыр соққысынан кейін Ирактан келген спортшы бүктеліп құлап, біршама уақыт тұра алған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Төрехан Сабырхан Катар боксшысы Мұхаммед Дбичиді ұпай санымен жеңген болатын. Енді жартылай финалда ол өзбек боксшысы Шавкатжон Болтаевпен жұдырықтасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам