Наталья Богданова тартысты жекпе-жекте өзбек боксшысын жеңді

51 келіде өнер көрсеткен Алуа Балқыбекова да бүгін жеңіске жетіп, Азиада алтынына бір табан жақындай түсті

Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова өзбекстандық Азиза Зокированы жеңіп, Азия ойындарының жартылай финалына шықты.

75 келіде өнер көрсеткен отандасымыз Азия ойындарына қатысу үшін жаңа салмаққа көшкен болатын. Жарысты ол бірден ширек финалдан бастады.

Жекпе-жектің бірінші раундында боксшылар сериялық соққыларымен алмасқанымен, төрешілер бұл кезеңде өзбек қызы 5:0 есебімен жеңді деп есептеген. Алайда. Қалған екі раундта Наталья қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсетіп, жеңісті жұлып алды.

Еске салайық, қыздар құрамасынан Жапонияға барған төрт боксшысының екеуі жартылай финалға шығып отыр. 51 келіде өнер көрсеткен Алуа Балқыбекова да бүгін жеңіске жетіп, Азиада алтынына бір табан жақындай түсті. Ал, Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай мен Әлем чемионы Аида Әбікеева жарысты ерте аяқтады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам