Нұрбек Оралбай Азия ойындарында өзбек боксшысына жол берді

Нұрбек Оралбай Азия ойындарында ширек финалда жеңілді

Арлан Олжабай
Арлан Олжабай

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында бокс бәсекесінің ширек финалдық жекпе-жектері жалғасып жатыр.

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай 90 келіге дейінгі салмақта ширек финалда өзбекстандық Тұрабек Хабибуллаевпен кездесті.

Тартысты өткен жекпе-жекте қос боксшы да алма-кезек шабуыл жасап, ұпай жинауға тырысты. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен Хабибуллаев жеңіске жетті — 3:2.

Осылайша Нұрбек Оралбай Азия ойындарындағы жарысын ширек финалда аяқтады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам