Айбек Оралбай Үндістан боксшысын жеңіп, Азия ойындарының финалына шықты

Отандасымыз төрешілердің бірауыз 5:0 есебімен жеңіске жетті

ҰОК
ҰОК

Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финал жекпе-жектері өтіп жатыр.

Ерлер арасында +90 келі салмақтағы Айбек Оралбай 1/2 финалда Үндістан өкілі Нарендермен жұдырықтасты. Отандасымыз алғашқы раундтан жекпе-жекті толықтай бақылауға алып, төрешілердің бірауыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, 26 жастағы Айбек 2025 жылғы әлем чемпионы және 3 дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы атанған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам