Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Жанқош Тұраров WBA рейтінгінде бір сатыға көтерілді

04.03.2024, 10:53

Бек Нұрмағанбет те өз позициясын жақсартты

Жанқош Тұраров WBA рейтінгінде бір сатыға көтерілді
Instagram

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы барлық салмақ дәрежесі бойынша өз рейтингін жаңартты. Бұл өзгерістен қазақстандық боксшылар да шет қалмады.

Мәселен, жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров бір сатыға жоғарылап, алтыншы орынға тұрақтады. Соңғы жекпе-жегін ол өткен жылдың желтоқсан айында Алматыда жапон боксшысына қарсы өткізген болатын. Ол кезде Жанқош төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Супер орта салмақтағы қазақ боксшысы Бек Нұрмағанбет те позициясын жақсартып, оннан тоғызыншы орынға көтерілді. Ол соңғы жекпе-жегін былтыр қазан айында Сауль Альварес – Джермелл Чарло кездесуінің андеркартында өткізген және техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко бұрынғыша 15-орында, алғашқы жартылай орта салмақтағы Батыр Жүкембаев 11-орында, ал жартылай жеңіл салмақтағы Сұлтан Зауырбек 5-орында қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам