Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Жалоловты 4 рет жеңдім, мұны тағы бірнеше рет қайталай аламын – Иван Дычко

24.10.2023, 17:55

Қазақстандық боксшы қазір кәсіпқой боксқа ауысқан

Жалоловты 4 рет жеңдім, мұны тағы бірнеше рет қайталай аламын – Иван Дычко
Фото ашық дереккөзден

Бокстан аса ауыр салмақта Лондон және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко өзбекстандық Баходир Жалолов туралы пікір білдірді. 

Бүгінде кәсіпқой боксқа ауысқан қазақстандық спортшы Рrosports.kz сайтына берген сұхбатында Б.Жалоловтың тәжірибесі толысқанына қарамастан оны қарымды санамайтынын атаған.

Ол тіпті онымен жұдырықтасуға дайын екенін де алға тартты.

«Қазақстан мен Өзбекстан қарсы деген сияқты сырттай қарсыласуды ұнатпаймын. Әуесқой бокста Жалоловты бірнеше рет ұтқанмын, қажет болса, мұны тағы бірнеше рет қайталай аламын. Қазір оның тәжірибесі де молайып, күші толыса түскені рас. Алайда, мен үшін ол сол баяғы Баходир Джалолов болып қала береді», - деді И.Дычко.

Әуесқой бокста Иван Дычко Баходир Жалоловты 4 рет жеңген. Бүгінде қос боксшы кәсіпқой бағытқа ауысты. Отандасымыз 13 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, ұлттық құрамаға қайта оралған өзбек боксшысы биыл әлем чемпионаты және Азия Ойындарында жеңімпаз атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам