Бақыт Сәрсекбаев әлем чемпионатына қатысатын жас боксшыларды анықтады

Черногорияның Будва қаласында өтетін дүбірлі додада ел намысын 10 боксшы қорғайды

Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі боксшылар құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаев 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Черногорияның Будва қаласында өтетін дүбірлі додада ел намысын 10 боксшы қорғайды.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық құрама сапына жастар арасындағы Азия чемпиондары Бибарыс Аширбай мен Владислав Саможонов та енген.

Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы:

  • 50 келіге дейін — Әділ Асканбай;
  • 55 келіге дейін — Айдос Үсенов;
  • 60 келіге дейін — Данияр Ақбисенов;
  • 65 келіге дейін — Ақжүрек Қалабай;
  • 70 келіге дейін — Бибарыс Аширбай;
  • 75 келіге дейін — Әмір Рамазан;
  • 80 келіге дейін — Тимур Тайбеков;
  • 85 келіге дейін — Руслан Ахметов;
  • 90 келіге дейін — Еркетан Жарқынбек;
  • 90 келіден жоғары — Владислав Саможонов.

World Boxing ұйымының қолдауымен өтетін жастар арасындағы әлем чемпионаты 16–27 қазан аралығында ұйымдастырылады. Жарысқа 75-тен астам ұлттық федерациядан 550-ден аса боксшы қатысады деп жоспарланған.

Турнирде ұлдар мен қыздар 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынап, жалпы саны 20 алтын, 20 күміс және 40 қола медаль жиынтығын сарапқа салады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам