Оның салмағында әлем чемпионы – мексикалық боксшы Эмануэль Наваррете
Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Сұлтан Зауырбек (21-0, 13 КО) IBF рейтингінде бірінші орынға көтерілді.
30 жастағы боксшы аталған рейтингте бұған дейін үшінші орында тұрған еді. Алғашқы екі орын вакантты болған. Соңғы жекпе-жегінде жеңіске жеткендіктен ұйым оны көш басына шығарды.
Еске салайық, әлі жеңіліп көрмеген Сұлтан Зауырбек 26 қыркүйекте Аустралияның Квинсленд қаласында соңғы жекпе-жегін өткізген болатын. Жергілікті Джексон Инглендпен (19-4, 10 КО) жұдырықтасқан ол төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, екінші жартылай жеңіл салмақта IBF-тің чемпиондық титулы мексикалық Эмануэль Наварретеге (40-2-1, 33 КО) тиесілі. Ол сондай-ақ, WBO тұжырымы бойынша да әлем чемпионы.