Дмитрий Бивол чемпиондық белбеулерін Екатеринбургте қорғайды

Telegram WhatsApp

Жартылай ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF белбеулері сарапқа түседі

instagram.com/matchroomboxing
instagram.com/matchroomboxing

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың (25-1, 12 KO) британдық Каллум Смитпен (31-2, 22 KO) өтетін жекпе-жегін ресми түрде жариялады.

Боксшылар 12 желтоқсанда Екатеринбургте кездеседі. Бұл айқаста жартылай ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол өз титулдарын қорғайды. Сонымен қатар The Ring журналының чемпиондық белбеуі де сарапқа салынады.

Бивол соңғы жекпе-жегін биыл 30 мамырда Екатеринбургте өткізді. Ол кезде ресейлік боксшы германиялық Михаэль Айфертті (13-2, 5 KO) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген еді.

Ал Каллум Смит шаршы алаңға 2025 жылдың ақпанынан бері шыққан жоқ. Ол сол кезде Эр-Риядта өткен кездесуде отандасы Джошуа Буатсиді (20-1, 13 KO) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 40 669 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 59 915 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 41 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 73 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 72 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 465 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 342 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 535 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 584 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 292 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 175 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 309
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
12
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Бетис
12
6
Арсенал
11
7
Манчестер Сити
10
8
Боруссия (Дортмунд)
10
9
Астон Вилла
9
10
Ливерпуль
9
11
Брюгге
9
12
Спортинг (Лиссабон)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›