Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Римма Волосенко лицензиялық турнирде екінші қарсыласынан басым түсті

05.03.2024, 15:40

Бүгін тағы екі боксшы сынға түседі

Римма Волосенко лицензиялық турнирде екінші қарсыласынан басым түсті
Қазақстан бокс федерациясы

Италияда бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде қазақстандық боксшы Римма Волосенко екінші айналымда жеңіске жетті.

Әйелдер арасында 60 келіде сынға түсетін отандасымыз турнирде екінші қарсыласын ұтып отыр. Ол бүгін венгриялық Петра Сабомен шеберлік байқасқан еді.

Римма Волосенко венгр боксшысын үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, еш қиындықсыз 1/8  финалына жолдама алды.

Бұған дейін Сәкен Бибосынов 51 келіде қарсыласынан басым түссе, кеше Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай қарсыластарын қапы қалдырды. Сондай-ақ, бүгін құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен Мұхамедсабыр Базарбайұлы шаршы алаңға шығады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам