Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақ-өзбек боксшылары бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

05.03.2024, 23:34

Олар алда болатын жекпе-жектеріне дайындалуда

Қазақ-өзбек боксшылары бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр
instagram.com/suleimen_promotions_official/

Еліміздің әуесқой боксшылары Италияда өтіп жатқан халықаралық турнирде өнер көрсетіп жатқанда, кәсіпқой боксшылар өзбек спортшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Suleimen Promotions командасының мүшелері: Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов, Әбілхан Аманқұл және Абылайхан Жүсіпов алдағы болатын жекпе-жектеріне дайындалу үшін Өзбекстанның боксшыларымен тәжіриба алмасып жатыр.

Еске салайық, Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұл соңғы жекпе-жектерін былтыр қазан айында АҚШ-та өткізді. Бек Нұрмағанбет қарсыласын техникалық нокаутпен жеңсе, Әбілхан Аманқұл тең ойнады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам