Финал 27 қазан күні, Астана уақытымен 18:00-де басталады
Черногорияның Будва қаласында бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Турнир аясында жартылай финал жекпе-жектері аяқталды. Оның қорытындысы бойынша төрт қазақстандық боксшы ақтық сынға шықты.
Алина Құдайгенова (57 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін жұдырықтасады.
Ал Мадира Жұмақан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Еркетаң Жарқынбек (90 келі) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, финал 27 қазан күні, Астана уақытымен 18:00-де басталады.