Бибарыс Әшірбай өзбек боксшысын жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты

60 келіде өнер көрсеткен Данияр Ақбисен қола жүлдегер атанды

Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан бокс федерациясы

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы (U19) әлем чемпионатында Бибарыс Әшірбай (70 кг) [иналға жолдама алды.

Жартылай финалда қазақ боксшысы Өзбекстаннан келген Зулфикор Адхамжоновпен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек 4:1 есебімен Бибарыстың пайдасына шешілді.

Осылайша Бибарыс Әшірбай әлем чемпионатының алтыны үшін таласады. Ал, Зулфикор Адхамжонов қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 60 келіде өнер көрсеткен Данияр Ақбисен жартылай финалда аргентиналық Николас Пералтадан жеңіліп, жарыстың қола жүлдесіне ие болды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам