Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Жалоловты қалай жеңу керектігін Дычко Қоңқабаевқа үйретуі керек – Марат Мәзімбаев

25.10.2023, 16:21

Қоңқабаев өзбек боксшысынан алты рет жеңіліп қалған

Жалоловты қалай жеңу керектігін Дычко Қоңқабаевқа үйретуі керек – Марат Мәзімбаев
Vesti.kz

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычконың өзбек боксшысы Баходир Жалолов туралы айтқан мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Жерлесіміз өзбек қарсыласын әуесқой рингте төрт рет жеңгенің, алдағы уақытта да қанша рет кездессе сонша рет тағы жеңетінін мәлімдеген болатын.

Екінші аса жеңіл салмақта IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған Марат Мәзімбаев Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында осы мәселеге қатысты өз ойымен бөлісті. Ол қазіргі таңда басты міндет – 2024 жылы өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Қамшыбек Қоңқабаевты дайындау екенін айтып отыр.

«Қоңқабаевқа өз тактикасымен қайта жұмыс істеуі керек. Бір ғана Жалоловтан алты рет жеңілу жайдан-жай емес шығар, демек бір өзгеріс керек. Сол үшін Олимпиадаға дайындық жүргізген кезде оқу-жаттығу жиындарына Иван Дычконы шақырту керек, ол Қоңқабаевқа өзбек боксшысын қалай жеңуге болатынын үйретеді», – деді Марат Мәзімбаев.

Ал, Дычко – Жалолов арасында тағы жекпе-жек өткізу жағы өте қызықты болуы мүмкін дейді ол. Өйткені, қазақстандық боксшы ұзақ уақыттан бері рингке шықпаған. Ал, Баходир Жалолов кәсіпқой бокста да, әуесқойда да демалыссыз жарыстарға қатысып, әлем чемпионатын, Олимпиада ойындарын және Азиаданы жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам