Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Қытай билігі этникалық қазақ боксшысына қомақты ақшалай сыйақы берді

26.10.2023, 15:52

Ол Азия ойындарының чемпионы, Әлемнің күтім жүлдегері

Қытай билігі этникалық қазақ боксшысына қомақты ақшалай сыйақы берді
Фото ашық дереккөзден

Бокстан Қытай ұлттық құрамасының мүшесі Тоқтарбек Таңатқанға Алтай аймағының билігі 100 мың юань (6,5 млн теңге) көлемінде ақшалық сыйақы табыстады. 

Қазіргі Қытай территориясында туған этникалық қазақ жақында Азия Ойындарында 80 келіде жеңімпаз атанған болатын.

Қандасымызға айтулы жетістігінен кейін қалалық атқару билігінің өкілі жеке келіп құттықтап, сыйлығын табыстаған көрінеді. Сонымен бірге, оған бокс әліппесін үйреткен алғашқы жаттықтырушысы Мұрат Бошайұлына да 50 мың юань көлемінде сыйақы табысталды.

Токтарбек Таңатқан бокстан 75 келіде Токио Олимпиадасының қатысушысы. Кейін ол жоғары салмаққа ауысып, биыл мамыр айында Ташкентте өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Финалда қазақстандық Айбек Оралбайға есе жіберген болатын. Араға 4 ай салып, ол Ханчжоуда өткен Азия Ойындарының іріктеу кезеңдерінде кеткен есесін қайтарды. Кейін ақтық сынға шыққан қандасымыз Филиппиннің танымал боксшысы Феликс Марсьяльді ұтып, Олимпиада жолдамасына ие болды.

Сары құрлық ойындарында мол тәжірибе жинадым деген Қытай құрамасының мүшесі келер жылы Парижде топ жаруды көздеп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам