Саматәлі Төлтаев панамалық тәжірибелі боксшы Хесреэль Корралесті жеңді
Ақтөбеде өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық екі спортшы титулдық жекпе-жектерін сәтті аяқтады. Саматәлі Төлтаев жаңа чемпиондық белбеуге ие болса, Армат Арманұлы өз титулын қорғап қалды.
Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде жеңіліс көрмеген Саматәлі Төлтаев панамалық тәжірибелі боксшы Хесреэль Корралеспен қолғап түйістірді. Он раундқа жоспарланған кездесу төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Осылайша Төлтаев жеңіл салмақтағы бос тұрған WBA Asia чемпиондық белбеуін иеленді.
Ал Армат Арманұлы орта салмақтағы WBA Asia чемпионы атағын қорғау үшін угандалық Шадири Бвогимен кездесті. Қазақстандық боксшы қарсыласын сегізінші раундта техникалық нокаутпен тоқтатып, чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Бокс кешінде Санатәлі Төлтаев та жеңіске жетті. Ол Армения өкілі, IBA белбеуінің бұрынғы иегері Петрос Ананяннан басым түсті.
Осылайша, Саматәлі Төлтаев кәсіпқой рингтегі жеңіс сериясын тоғыз жекпе-жекке жеткізді. Ал Армат Арманұлы мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, еншісінде бір жеңіліс қалды.