Финалда қазақ балуаны ресейлік Иналбек Шериевпен белдесті
Астанада өтіп жатқан еркін күрестен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқожа Қайпанов күміс медаль иеленді.
Финалда қазақ балуаны ресейлік Иналбек Шериевпен белдесті. Тартысты өткен кездесуде Қайпанов қарсыласына есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Осылайша, 28 жастағы спортшы ересектер арасындағы әлем чемпионаттарында жеңіп алған медаль санын төртке жеткізді. Оның жүлделері:
Бұдан бөлек, Нұрқожа Қайпановтың еншісінде Азия чемпионатының үш алтын медалі мен жазғы Азия ойындарының қола жүлдесі бар.