Қазақстандық боксшы Венгрия өкіліне жол берді
Италияда өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирдің бүгінгі жарыс күні қазақстандық боксшылар үшін сәтсіз өтуде. Күндізгі бағдарламада қыздар рингке шығып, алдымен Жайна Шекербекова жеңілсе, артынша Олимпиада жолдамасына бір қадам жақын қалған Римма Волосенко төрешілердің «түсініксіз» шешімімен словакиялық боксшыға есе жіберді.
Ал, ерлер арасында 63,5 келіде өнер көрсететін Мұхамедсабыр Базарбайұлы болгариялық Радослав Росеновпен рингке шығып, тағы сол төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы аталған жарысқа 6 ер, 5 қыз боксшы апарған болатын. Үш боксшы жарысты аяқтаса, қалған сегіз боксшы жолдама үшін таласады.