Бұл салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы – кубалық Ослейс Иглесиас
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (17-0, 15 KO) IBF рейтингінде төрт сатыға көтеріліп, екінші орта салмақтағы үздік бестіктің қатарына қосылды.
31 қазанда Эр-Риядта өткен Сауль «Канело» Альварес пен Кристиан Мбилли жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсеткен Нұрмағанбет мексикалық Маркос Васкесті (21-4-1, 10 KO) бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Осы сенімді жеңістен кейін қазақстандық боксшы рейтингте бесінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, бұл салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы – кубалық Ослейс Иглесиас. Рейтингтің алғашқы екі сатысы әзірге бос тұр. Үшінші орында француз Кевин Леле Саджо, төртінші орында ливиялық Мәлік Зинад орналасқан.