Зауырбектің кәсіби рекорды – 21 жеңіс, оның 13-і нокаутпен аяқталған
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек IBF нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақтағы рейтингтің көшін бастады. Ұйым 9 қарашада қазан айындағы жаңартылған тізімін жариялады.
Зауырбектің кәсіби рекорды – 21 жеңіс, оның 13-і нокаутпен аяқталған. Қазан айында қазақстандық боксшы үміткерлік жекпе-жекте жеңіске жетіп, IBF чемпионы О’Шаки Фостермен кездесуге міндетті үміткер атанды.
Егер бұл кездесу өтсе, Фостерге тиесілі IBF, WBC және WBO чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.
Айта кетейік, IBF рейтингінде тағы бір қазақстандық Бек Нұрмағанбет те үздік бестікке енді. Ол екінші орта салмақта төрт саты жоғарылап, бесінші орынға көтерілді.