Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

«Жаңа Головкин»: өзбек боксшысы WBA тұжырымында әлем чемпионы атанды

09.03.2024, 11:13

Ол абсолютті чемпион атағы үшін барын салуға уәде берді

«Жаңа Головкин»: өзбек боксшысы WBA тұжырымында әлем чемпионы атанды
UzDaily.uz

Matchroom Boxing промутері әйгілі Эдди Хирн өзбек боксшысы Исраил Мадримовты (10-0-1, 7 КО) Геннадий Головкинге теңеді.

Мадримов алғашқы орта салмақта чемпиондық титул үшін жекпе-жекте ресейлік боксшы Магомед Курбановты (25-1, 13 КО) бесінші раундта нокаутпен жеңді. Осылайша ол WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанып отыр.

«Бұл жігіт – нағыз жыртқыш. Ол – жаңа Головкин. Курбановты оңай жеңді. Есімін жаттап алыңыздар: өзбек мықтысы Исраил Мадримов 154 фунтта барлық белбеу үшін төбелеседі», - деді Хирн.

Айта кету керек, Мадримовтың өзі қазақстандық боксшыны жақсы көретінін бұған дейін айтқан болатын. Тіпті, стилін де Головкиннің стиліне ұқсатып алғанын жасырған жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 32
Ұнамайды 9
Күлкілі 6
Ашулану 4
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам