Карлос Адамес Zuffa Boxing ұйымындағы дебютін жеңіспен бастады

Енді доминикандық боксшы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен кездесуі тиіс

Zuma / Icon Sport
Zuma / Icon Sport

Орта салмақтағы WBC чемпионы Карлос Адамес Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен жекпе-жекте Zuffa Boxing ұйымындағы алғашқы кездесуін өткізді.

Доминикандық боксшы британдық Джером Уорбертонды төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

32 жастағы Адамес жекпе-жекті толық бақылауда ұстап, қарсыласынан басым түсті. Төрешілер жеңісті 100:90, 99:91 және 98:92 есебімен доминикандық боксшыға берді.

Айта кетейік, Адамес Zuffa Boxing ұйымымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойған. Осыған байланысты WBC оған британдық боксшыға қарсы титул қорғалмайтын жекпе-жек өткізуге рұқсат берген.

Енді доминикандық боксшы қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановпен кездесуі тиіс. Бұған дейін Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адамеске міндетті үміткер Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы чемпиондық белбеуін қорғауды міндеттеген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам