Қазақстандық боксшы ресейлік нокаутермен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы үшін бұл жекпе-жек 2025 жылғы сәуірден бергі алғашқы кездесу болмақ

360 Promotions
360 Promotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) 4 желтоқсанда Түркияның Ыстанбұл қаласында шаршы алаңға оралады.

«Солдат Q» IBA Pro ұйымдастыратын бокс кешінде өнер көрсетіп, бірінші орта салмақта ресейлік Сергей Лубковичпен (20-1-2, 12 KO) жұдырықтасады. Лига әлеуметтік желідегі парақшасында Ахмедов қатысатын бокс кешін ресми түрде жариялады.

Қазақстандық боксшы үшін бұл жекпе-жек 2025 жылғы сәуірден бергі алғашқы кездесу болмақ. Сол кезде ол АҚШ-тың Коммерс қаласында мексикалық Элиас Эспадаспен (24-9-1, 16 KO) тең түскен еді. Сондай-ақ Лубковичке қарсы жекпе-жекте Ахмедов IBA Pro лигасындағы дебютін өткізеді.

Ал Сергей Лубкович соңғы жекпе-жегін биыл тамызда Ресейдің Набережные Челны қаласында өткізді. Ол өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевқа (9-0, 5 KO) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам