Олимпиада лицензиясы үшін жекпе-жек 11 наурызда өтеді
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде 80 келідегі Нұрбек Оралбай 1/8 финалдан сүрінбей өтті. Бүгін ол Беларусь елінің боксшысы Алексей Алферовпен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Бірінші раундта қазақ боксшысы басымдық танытқанымен, төрешілердің үшеуі Алферовқа жеңісті берген. Ал, қалған екі раундта Нұрбек қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Олимпиада жолдамасын Н.Оралбай ирландиялық боксшы Келин Кэйсидимен сарапқа салады. Жекпе-жек 11 наурызда өтеді.